13.01.2010, 15:28 3151

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты жел тұрып, тұман түседі деп болжануда

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты жел тұрып, тұман түседі деп болжануда

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты жел тұрып, тұман түседі деп болжануда. 13-қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрады, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидрометтің" мәліметіне сәйкес, сәрсенбі күні ресубликаның бірқатар облысы атмосфералық ағымдар бөлігінің ықпалында болады. Мәселен, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 20-25, кей уақыттарда секундына 30 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Ал Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысының кей аумақтарында - тұман, көктайғақ болады, желдің қарқыны секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында - кей жерлерде бұрқасындатып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің қарқыны секундына 20-25 метрге дейін жетпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны