21.04.2011, 12:47 4190

Қазақстанның орталығында жаңбыр жауып, жел соғады, ал солтүстігінде қар жаууы мүмкін деп күтілуде

Қазақстанның орталығында жаңбыр жауып, жел соғады, ал солтүстігінде қар жаууы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның орталығында жаңбыр жауып, жел соғады, ал солтүстігінде қар жаууы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидрометтің" болжауынша, бүгін Жерорта теңізі аймағынан келетін кезекті циклон Маңғыстау облысы арқылы Қазақстанның орталық өңірлеріне тарайтын болады. Соған байланысты жекелеген жерлерде оңтүстік-шығыстан қатты жел соғып, жауын жауады. Ал республиканың шеткері солтүстігінде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін, деп күтілуде.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, күндіз Ақмола облысында оның күші секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облысының кей аумақтарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Қызылорда облысында сондай-ақ найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғатын жел шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайтын жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны