02.08.2007, 10:43 2610

Қазақстанның сайлау заңы "еркін және демократиялық сайлау жүргізу үшін мығым негізді" қамтамасыз етеді

АСТАНА. 2-тамыз Kazakhstan Today. Қазақстанның сайлау заңы "еркін және демократиялық сайлау жүргізу үшін мығым негізді" қамтамасыз етеді. Мұндай пікірін кеше өткен баспасөз мәслихатында ТМД бақылаушылар миссиясының штаб басшысы Евгений Слобода мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі "Сайлау туралы" конституциялық заңның редакциясы еркін және демократиялық сайлау жүргізу үшін мығым негізді" қамтамасыз етеді",- деді деді Е. Слобода, ТМД миссиясының алғашқы аралық есебінің қорытындысын таныстыра отырып.

Ол миссияның сарапшылары Қазақстанның "Сайлау туралы" заңының ТМД мүше мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құқығы және еркіндік стандарттары туралы Конвенция талаптарына сәйкестігіне салыстырмалы талдай жүргіздік, деп түсіндірді.

"ТМД бақылаушылары аталмыш конституциялық заң конвенцияның ережелер ескере отырып әзірлегендігін белгілейді",- деп атап өтті Е. Слобода.

Атап айтқанда, оның айтуынша, заң мәтініне "демократиялық сайлаудың азаматтың сайлау және сайлану құқығы, жасырын дауыс беру барысындағы жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде сайлау еркіндігі, сайлаудың ашық және жариялылық сипаты, адам мен азаматтың сайлау құқығы мен бостандығын сотпен және басқа да жолдармен қорғауды жүзеге асыру, сайлауға қоғамдық және халықаралық бақалау жасау, сайлау құқығын жүзеге асыру мен сайлау процессіне қатысу еркіндігіне кепілдік беру сияқты стандарттар" қамтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны