20.05.2011, 12:28 3359

Қазақстанның шығысында найзағайлы жаңбыр жауып, жел соғады, ал оңтүстігінде бұршақ жауады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжамына сүйене отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның шығысында ауа райын тұрақсыз болады, мұнда жауын-шашындар, найзағай мен дауылды желдер күтілуде.

Астана. 20 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның шығысында найзағайлы жаңбыр жауып, жел соғады, ал оңтүстігінде бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжамына сүйене отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның шығысында ауа райын тұрақсыз болады, мұнда жауын-шашындар, найзағай мен дауылды желдер күтілуде.

Республиканың оңтүстігінде таулы аумақтарда бұршақ жауса, батыста антициклон тарамдарының ықпал етуімен ауа райы - жауын-шашынсыз.

Мәселен, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында таулы аумақтарда бұршақ жауып, секундына 15-20 метр екпінде жел тұрады. Күндіз Маңғыстау облысы өзендерінің жағалауын тұман басып, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Синоптиктердің гидрометеорологиялық болжамдарына сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны