18.06.2013, 10:38 2987

Қазақстанның шығысында жауын жауып, найзағай ойнайды

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы сақталып, кейбір өңірлерде ұйытқыған жел, ал еліміздің батысында шаңды дауыл соғады.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның шығысында жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы сақталып, кейбір өңірлерде ұйытқыған жел, ал еліміздің батысында шаңды дауыл соғады.

Еліміздің шығыс өңірінде атмосфералық фронттардың ықпалына орай жауын жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстың кейбір жерлерінде қатты жауынмен қатар, бұршақ жаууы мүмкін.

"Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл соғады. Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кейбір аудандарында күн өте ыстық болады. Республикамыздың солтүстік-батысы, оңтүстігі, орталық және шығыс өңірлерінде де күн өте ыстық болмақ", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны