08.09.2011, 10:35 2934

Қазақстанның СІМ басшысы "Локомотив" хоккейшілерінің қазасына байланысты Ресейлік әріптесіне көңіл айтты

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ресей сыртқы саяси ведомствасының басшысы Сергей Лавровтың атына "Локомотив" хоккей командасы мен ЯК-42 ұшағының экипажының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айта отырып, жеделхат жолдады.

Астана. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның СІМ басшысы "Локомотив" хоккейшілерінің қазасына байланысты Ресейлік әріптесіне көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ресей сыртқы саяси ведомствасының басшысы Сергей Лавровтың атына "Локомотив" хоккей командасы мен ЯК-42 ұшағының экипажының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айта отырып, жеделхат жолдады.

"Локомотив" хоккей командасы мен экипаж мүшелерінің қазасына алып келген ЯК-42 ұшағының апатқа ұшарағаны туралы хабарды өкінішпен қабылдадым. Қатты қайғыра көңіл айта отырып, қаза тапқандардың отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау сөзімді жеткізуіңізді өтінемін", - деп баспасөз қызметі қазақстандық СІМ басшысының сөзінен үзінді келтіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны