27.01.2011, 13:05 3761

Қазақстанның СІМ Лондондағы елшілік қызметкерлерінің көлікті дұрыс қоймау үшін салынған айыппұлға қатысты қарыздары жоқ екендігін айтуда

Қазақстанның СІМ Лондондағы елшілік қызметкерлерінің көлікті дұрыс қоймау үшін салынған айыппұлға қатысты қарыздары жоқ екендігін айтуда. Бұл туралы еліміздің СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошибаев Қазақстан жаңалықтары АА агенттігіне берген сұхбатында мәлім еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 26 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның СІМ Лондондағы елшілік қызметкерлерінің көлікті дұрыс қоймау үшін салынған айыппұлға қатысты қарыздары жоқ екендігін айтуда. Бұл туралы еліміздің СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошибаев Қазақстан жаңалықтары АА агенттігіне берген сұхбатында мәлім еткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, Лондонда орналасқан көптеген шетел елшіліктерінің дипломаттары көлік қоюы үшін 1 миллион фунт стерлинг айыппұл жинаған.

"Қарыздырлар арасында қызметкерлеріне жалпы сомасы 189,6 мың фунтты құрайтын 1,7 мың көлік қою үшін айыппұл жазылған Қазақстанның елшілігі бірінші орында тұр. Осылайша тек қара BMW 318i көлігіне 471 рет айыппұл салынып "ерекшеленген", ол оған 53,8 мың фунтқа шыққан", - деп жазады The Telegraph.

"Елшіліктің орналасқан елінде егер дипломатиялық қызметкерлер дипломатиялық нөмірлері бар көліктерді қоюға рұқсат етілмеген жерлерге қойса, өздері жауап беретін ережелер бар. Қызметкерлер жазаланған, тіпті сөгіс те жарияланған. Біз бұл тақырыпты жаптық", - деп жалғастырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны