25.04.2007, 10:48 3008

Қазақстанның сыртқы істер министрі Астанада Украинаның сыртқы істер вице-министрі мен АҚШ елшісін қабылдады

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тажин Астанада Украинаның сыртқы істер вице-министрі Владимир Огрызко мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвеяны қабылдады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанға ТМД мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуға келген В. Огрызкомен кездесу барысында Украинадағы Қазақстан жылын өткізу мәселелері, сондай-ақ алдағы 2008 жылы Қазақстандағы Украина жылын өткізуге дайындық барысы талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, ауылшаруашылық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері де қозғалды.

Қазақстандық сыртқы істер министрі АҚШ елшісі Дж. Ордвеямен келіссөздер жүргізу барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны