19.08.2011, 10:30 3559

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендеуі мүмкін деп күтілуде

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл, Алматы облыстарында да жел жылдамдығы 15-23 метрге жетіп, шаң борайды. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін түнде тұман басады.

Астана. 19-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендеуі мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігіне әлі де циклон әсер етеді. Атмосфералық ағымдардың ығысуымен жекелеген жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпіндете жел соғады және республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл, Алматы облыстарында да жел жылдамдығы 15-23 метрге жетіп, шаң борайды. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін түнде тұман басады. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, Ақтөбе, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяу тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстғы тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны