08.01.2016, 16:22 4654

Қазақстанныӊ солтүстігінде температура күрт төмендеп, аяз болады

2016 жылғы 7-9 қаӊтарға арналған ауа райы болжамы

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 7-9 қаӊтарға арналған ауа райы болжамы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанныӊ орталық аудандарында орналасқан циклонныӊ артына Кар теӊізінен арктикалық ауа келіп түседі, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Сондықтан солтүстік облыстарда түнгі температура 23-30 аяз болады деп күтіледі, ол нормадан 4-8 төмен. Жақын арадағы тәуліктерде осы аудандарда қар жауу, боран және қатты батыс желі 15-25 м/с соғуы мүмкін.

Республиканыӊ оӊтүстік бөлігі белсенді фронтальді аймақ ықпалында болады, мұнда 7-9 қаӊтарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жерорта теӊізі аудандарынан жылы және ылғалды ауа әкелетін оӊтүстік-батыс ағындарыныӊ әсерінен температура бұрынғыдай қалыпты температурадан 3-6 жоғары болады деп болжанады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны