26.09.2011, 09:20 3127

Қазақстанның солтүстік аймақтарында күн суытады

Қазақстанның шығыс бөлігі өтіп бара жатқан циклон және атмосфералық фронтальдық ауа ағымының әсерінде болады. Қатты жаңбыр жауып, солтүстік аймақтарда жауынның қарға ұласуы мүмкін, жел күшейіп тұман түсуі ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РММ мәлім еткен.

Алматы. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік аймақтарында күн суытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның шығыс бөлігі өтіп бара жатқан циклон және атмосфералық фронтальдық ауа ағымының әсерінде болады. Қатты жаңбыр жауып, солтүстік аймақтарда жауынның қарға ұласуы мүмкін, жел күшейіп тұман түсуі ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РММ мәлім еткен.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің секундына 15-20 градусқа дейін күшейтілуі күтіледі. Алматы, Павлодар облыстарында - кей жерлерде жел тұрып екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, күндіз қатты жел соғады.

Астанада ертең құбылмалы ауа-райы сақталып, түстен кейін жауын-шашын болуы ықтимал. Солтүстік батыстан жел соғып 9-14, кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4 градуса, күндіз +8+10 градус шамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны