24.05.2011, 11:45 3181

Қазақстанның солтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрмет" РМК.хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін еліміздің солтүстік аудандарында ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде ақжауын болады, қатты жел соғады.

Астана. 24 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрмет" РМК.хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін еліміздің солтүстік аудандарында ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде ақжауын болады, қатты жел соғады.

"Қазақстанның басым аумағының ауа райына әлі де болса антициклон ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында шаң көтеріледі.

"Казгидромет" РМК Қызылорда гидрометерология орталығы үстіміздегі жылғы 24-26-мамыр күндері облыс аумағының кей жерлерінде солтүстіктен секундына 17-22 м дейін жел көтеріліп, шаңды дауыл болатынын ескерткенін хабарлады.

Осыған байланысты Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны