30.04.2007, 12:49 7158

Қазақстанның солтүстік батысында аяз болмақ

АСТАНА. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында аяз болады деп күтілуде. Осы жөнінде "Қазгидромет" РМК ескерту жариялады.

"2-мамыр күні түнде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында кей жерлерде қар жауып, сынап бағанасы 0-2 градус аязға дейін төмендейді",- делінген ескертуде.

Сонымен бірге, "Қазгидромет" ақпаратына сәйкес, 1-мамырда осы облыстарда жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін күшті жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны