25.05.2012, 15:04 3179

Қазақстанның солтүстік бөлігінде күн суытады

Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен 26 мамыр күні кейбір жерлерде найзағай жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Шығыс бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен 26 мамыр күні кейбір жерлерде найзағай жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Шығыс бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік бөлігінде түнде кейбір жерлерде қатқақ болады деп күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, түнде Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады деп күтіліп отыр.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде түнде ауаның температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде өрттің төтенше жоғары қауіптілігі сақталуда.

Жақын үш тәулікте Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жекелеген таулы өзендерінде және Батыс Алтайдағы (ШҚО) көптеген өзендерде жаңбырға байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Бұрын хабарланғандай, 25-26 мамыр түндерінде Ақмола, Қостанай облыстарында ауа температурасының 2-7 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, кейбір жерлерде 10 градус жылылықты көрсетеді.

25-27 мамыр күндері Павлодар облысында ауаның температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді, 26-27 мамыр күндері 0-2 градусқа дейін салқындайды.

27 мамыр түнінде Шығыс Қазақстан облысында ауаның температурасы 3-8 градус жылылықты көрсетеді, кейбір жерлерде 0-2 градус суық болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны