17.08.2010, 12:55 3884

Қазақстанның солтүстік-батысында найзағайлы жаңбыр мен күшті жел соғады деп күтілуде

Қазақстанның солтүстік-батысында найзағайлы жаңбыр мен күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік-батысында найзағайлы жаңбыр мен күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарламасында бүгін, тамыздың 17-сі күні "Қазақстанның солтүстік-батысы атмосфералық ағымдар ықпалында болады, мұнда найзағайлы жаңбыр мен күшті жел соғады деп күтілуде. Республиканың қалған бөліктеріне антициклон әсер етпек. Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде", деп көрсетілген.

Ал Атырау, Маңғыстау сондай-ақ, Жамбыл, Алматы мен Қызылорда облыстарының кей өңірлерінде аптап ыстық әлі де жалғасады.

"Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Алматы облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады", деп атап көрсетілген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны