20.02.2008, 14:49 2659

Қазақстанның табиғат қорғау мекемесі Теңізшевройлға күкіртті қысқа мерзімде толық пайдалы жарату жөніндегі өз талабын қайта қойды

Қазақстанның табиғат қорғау мекемесі Теңізшевройлға күкіртті қысқа мерзімде толық пайдалы жарату жөніндегі өз талабын қайта қойды

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС-іне жинақталған күкіртті қысқа мерзімде толық пайдалы жарату жөнінде бағдарлама жасау талабын қойды. Бұл туралы Қазақстанның табиғат қорғау мекемесінің басшысы Нұрлан Ысқақовтың сейсенбі күні Теңізшевройл басшылығымен кездесуінің қорытындысы бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келіссөздер барысында тараптар күкірттің ірі көлемде жинақталып, ашық күйде сақталуына, сондай-ақ, газдың өртелуіне қатысты мәселелерді талқылады. Жұмыс батындағы кездесудің қорытындысы бойынша "Теңізшевройл" ЖШС-іне тұрақты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін ескеру негізінде газды өртеуді доғару шараларын дәйектеу, жинақталған күкіртті қысқа мерзімде толығымен пайдалы жаратуды ескере отырып оны жарату бағдарламасын жасау тапсырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Теңізшевройл" ЖШС мәліметінше, 2007 жылғы көрсеткіштер 2006 жылмен салыстырғанда күкіртті сату көлемі 24%-ға артып, 2,05 млн тоннаны құрағанын сипаттайды. Жинақталған жалпы күкірт көлемі 2007 жылы шамамен жарты миллион тоннаға қысқарды. 2007 жылы өртелген газ көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 80%-ға азайды.

Ал мемлекеттік инспекциялық тексерулердің мәліметіне сүйенсек, 2007 жылы табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан компания 22 мәрте 142,0 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны