01.02.2008, 19:20 2958

Қазақстанның табиғат қорғау мекемесінің басшысы мен Италия елшісі ынтымақтастықтың болашағы туралы келіссөздер жүргізді

Қазақстанның табиғат қорғау мекемесінің басшысы мен Италия елшісі ынтымақтастықтың болашағы туралы келіссөздер жүргізді

Астана. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен Италия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Бруно Паскуино ынтымақтастықтың болашағы жөнінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мекеменің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Италияның елшісі табиғатты қорғау мекемесінің құрлықты тұрақты дамытуды қолдау ісінде үлкен рөл атқарып отырғандығын атап өтіп, Қазақстанның Астанада 2010 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағының қоршаған орта және тұрақты даму министрлерінің конференциясын және 2011 жылы "Еуропа үшін қоршаған орта" процессінің Пан-Еуропалық конференциясын өткізу жөніндегі бастамаларын мақұлдады",- деп айтылған хабарламада.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет екендігін, сонымен қатар экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу және тәжірибе алмасу қажет екендігін атап көрсетті, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны