15.05.2009, 17:04 2823

Қазақстанның тәуелсіздік алуының 20 жылдық мерейтойын тойлау қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайтуға септігін тигізуге тиіс - президент

Қазақстанның тәуелсіздік алуының 20 жылдық мерейтойын тойлау қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайтуға септігін тигізуге тиіс - президент

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның тәуелсіздік алуының 20 жылдық мерейтойын тойлау қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайтуға септігін тигізуге тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз үшін екі жылдан кейін атап өтетін Қазақстанның тәуелсіздік алуының 20 жылдық мерейтойы айрықша идеологиялық маңызға ие. Біз оған жан-жақты дайындалуымыз қажет. Мерейтойды атап өту қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайтуға септігін тигізуге тиіс. Бұл атаулы тойды экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі тың жетістіктермен қарсы алуымыз қажет",- деді президент

"Оған дайындық барысында адамдарды сенімділікке, отанымыздың келешегіне деген кәміл сенімге бағдарлау қажет. Инновациялық даму, тіршілік деңгейін көтеру, қоғамдағы тұрақтылық - міне бұлар партияның үш тұғырлы мақсаты мен басты ұрандары", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны