11.12.2008, 16:22 6488

Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты үстіміздегі жылы қазақстандықтар екі күн демалады

Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты үстіміздегі жылы қазақстандықтар екі күн демалады

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты үстіміздегі жылы қазақстандықтар екі күн демалады,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Қазақстанның тәуелсіздік күні жалғыз ұлттық мереке болып табылады. Қазақстан заңнамаларына сәйкес Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан болып жарияланған, және де бұл мереке екі күн, яғни 16 және 17 желтоқсанда тойланады.

"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. Сондықтан да, үстіміздегі жылы қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда демалатын болады, 15 желтоқсан - жұмыс күні, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны