16.04.2008, 19:05 3319

Қазақстанның тау-кен металлургиясы өнеркәсібі жұмысшыларының бірінші съезі Астана қаласында 18 сәуірде өтеді

Қазақстанның тау-кен металлургиясы өнеркәсібі жұмысшыларының бірінші съезі Астана қаласында 18 сәуірде өтеді

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның тау-кен металлургиясы өнеркәсібі жұмысшыларының бірінші съезі Астана қаласында 18 сәуірде өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарияланған баспасөз баянында атап көрсетілгендей, съезд аясында мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында алдымызға қойған тау-кен металлургиясы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін жүзеге асыру шараларын талқылау жоспарланып отыр. Атап айтқанда, салық, тариф және инвестиция саясатындағы алда болатын өзгерістер, экспорттық баж салығын енгізу мүмкіндігі және осы саладағы озық және инновациялық жобалар қаралады.

Съезд жұмысына премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов, үкімет мүшелері, парламент депутаттары қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, тау-кен металлургиясы саласындағы кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың 200-ден астам өкілі қатысады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны