01.07.2008, 19:06 2485

Қазақстанның Тәжікстандағы жаңа елшісі Ибутәліп Ахметов сенім грамотасының көшірмесін осы елдің сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифиге табыс етті

Қазақстанның Тәжікстандағы жаңа елшісі Ибутәліп Ахметов сенім грамотасының көшірмесін осы елдің сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифиге табыс етті

Алматы. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Тәжікстандағы жаңа төтенше және өкілетті елшісі Ибутәліп Ахметов сенім грамотасының көшірмесін осы елдің сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифиге табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасп.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық ахуалына баға берді.

Сонымен бірге, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесі мен мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырыстарына қатысты мәселелер мен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Ахметов Ибутәліп Ібіжанұлы Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ибілдаев Ерлан Иділханұлы Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны