07.02.2008, 18:36 2963

Қазақстанның төрт қаласы "ТМД ең үздік қаласы" байқауына қатысады

Қазақстанның төрт қаласы "ТМД ең үздік қаласы" байқауына қатысады

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астана 2-4 сәуірде Мәскеуде өтетін "ТМД ең үздік қаласы" атты халықаралық байқауға қатысады. Бұл туралы кеше Халықаралық қалалар қауымдастығының бас директоры Михаил Соколовпен кездесуден кейін өткен брифингте Астана әкімінің орынбасары Болат Смағұлв мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Б. Смағұловтың айтуынша, Алматы, Петропавловск және Шымкент қалалары да байқауға қатысуға ниет танытып отыр.

"ТМД ең үздік қаласы" байқауы үстіміздегі жылдың 13 - 15 ақпаны аралығында Мәскеуде өтетін "Мегаполис: ХХІ ғасыр" атты алғашқы халықаралық көрме аясында ұйымдастырылады. Байқау екі аталыммен өтеді , атап айтқанда "Қаланың тұрақты және қарқынды дамуы үшін", "Тиімді басқару үшін". Байқаудың жеңімпаздары көрменің құрмет белгілерімен және медальдармен марапатталады. Көрмемен қатар "Үлкен қала - елдің елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту нүктесі" атты халықаралық экономикалық форум жүргізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны