27.10.2015, 17:42 3936

Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық вокалист "Жас ұлан" армиялық әндер фестиваліне қатысады

Фестивальға қатысушылар үш аталым бойынша өнер көрсетеді. Атап айтқанда, орындаушы-вокалистер, фольклорлық орындаушылар, вокалды-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар.

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде жыл сайынғы "Жас ұлан" армиялық әндер фестивалі жалғасуда. Бұл жолы байқау әділқазылары жалпы 298 вокалисті тыӊдайды, олардыӊ ішінде ҚР ҚК барлық түрлері мен әскер тектерініӊ әскери қызметшілері, әскери оқу орындарыныӊ курсанттары мен тәрбиеленушілері, сондай-ақ жалпы білім беру мектептерініӊ дарынды оқушылары, студенттер, Қазақстанныӊ барлық 14 облысыныӊ, Астана мен Алматы қалаларыныӊ әскери-патриоттық клубтарыныӊ тәрбиеленушілері, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Фестивальға қатысушылар үш аталым бойынша өнер көрсетеді. Атап айтқанда, орындаушы-вокалистер, фольклорлық орындаушылар, вокалды-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар.

Бүгінгі күні тәрбиеленушілер, оқушылар мен студенттер тыӊдалды, қазір іріктеу кезеӊінен әскери қызметшілер өтуде.

Фестивальдіӊ шарты бойынша барлық қатысушыларды бірқатар критерий бойынша бағалады. Ол: әскери тақырыптағы шығарманы, қазақстандық сазгерлердіӊ немесе орындаушылардыӊ туындысын, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы туындыны орындау.

Іріктеу кезеӊін тыӊдауды аяқтап, әділқазылар алқасы үздік орындаушыларды анықтайды. Алайда, қатысушылардыӊ өздері нәтижелерді 29 қазанда өтетін гала-концертте ғана білетін болады. Бұл күні "Жас ұлан" қатысушыларыныӊ концерті және жеӊімпаздарды марапаттау өтеді.

Үздік орындаушыларға дипломдар мен фестивальдіӊ бағалы сыйлықтары табыс етіледі, барлық қатысушылар жұбаныш сыйлықтарға ие болады.

"Жас ұлан" армиялық әндер фестивалі 1997 жылдан бастап шақырылуға дейінгі, шақырылым және армиялық жастарды, ҚР ҚК келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін, қызметкерлерін және әскери қызметшілердіӊ отбасы мүшелерін әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жандандыру, көркемөнерпаздық армиялық орындаушылар мен ұжымдардыӊ шығармашылық өсуіне қолдау көрсету үшін өткізіліп тұрады. Фестиваль қазақстандық армияныӊ әскерлерінде ыстық ықылас пен ілтипатқа бөленіп, танымал болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны