05.12.2008, 19:25 3640

Қазақстанның Тұңғыш президентінің қорының ұйымдастыруымен қазақ тілі проблемаларына арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның Тұңғыш президентінің қорының ұйымдастыруымен қазақ тілі проблемаларына арналған дөңгелек үстел өтті

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Алматыда Қазақстанның Тұңғыш президентінің қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі "Жаһандану: ұлттық бірегейлік және қазақ тілінің өміршеңдігі" атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Дөңгелек үстел мәжілісіне қатысушылардың пікірінше, қазіргі қоғамда басқару жүйесіндегі іс-қағаздар мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтегі азаматтардың ресми және дипломатиялық қатынаста мемлекеттік тілге немқұрайлы қарауы, БАҚ-да мемлекеттік емес тілдік кеңістік бақылаусыз артып, мемлекеттік тілдегі кеңістік кеміп отыруы қоғамдық резонанс тудыратынын елемеу саяси қырағылыққа жатпайды. Дөңгелек үстелде бұндай жағдайларға дер кезінде мән берілмесе, мемлекет құрушы ұлттың жағдайы ескерілмесе ұлтаралық татулыққа нұсқан келетіндіктен, осы мәселелерге үкімет назарын аудару керектігі туралы пікір айтылды.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі жаһандану кезіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, қазақ тілінің проблемалары, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік тіл мәселелері кеңінен талқыланды.

Отырыс соңында қарар қабылданып, БАҚ пен ғалымдарға арналған ұсыныстар жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны