02.06.2008, 19:32 3030

Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі қайтыс болды

Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі қайтыс болды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі Мұрат Атанов кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі ауыр қазаға ұшырады, Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұрат Атанов өмірден озды", - делінген хабарламада. Қазақстан елшісі ағымдағы жылдың 31 мамырында, 56 жасқа қараған шағында қайтыс болған. ҚР СІМ елшінің өлім себебін айтпаған.

Түрікменстан БАҚ-тарының хабарлауынша, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов пен түрікмен үкіметінің мүшелері жексенбіде елшінің отбасына барып, көңіл айтып, оның туыстарына қолдау білдіріп, елшінің екі жақты мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін атап көрсеткен. Г. Бердымухамедовтың айтуынша, жоғары білікті әрі жаратылысынан сұңғыла дипломат болған М. Атанов өз елінің беделін лайықты қорғап, екі халық арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қосты.

"Түрікменстанда жұмыс істеген жылдарында М. Атанов өз әріптестері арасында да, бірге жұмыс істеуге және кездесуге жазған жалпы барлық ортада өлшеусіз құрмет, бедел мен ілтипатқа ие болды. Біз бауырлас қазақ халқының адал ұлын өз жүрегімізде әрі жадымыза сақтаймыз", - деді Г. Бердымухамедов.

М. Атанов Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі болып 2005 жылдың шілде айынан бері істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны