29.06.2012, 14:48 3328

Қазақстанның Тұтынушылар лигасы Денсаулық сақтау министрлігін пациенттер құқының бұзылуы туралы ақпараттандырады

Еске сала кетсек, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Н. Назарбаев мемлекет пен бизнестің жұмысы тұтынушылардың мүдделерін және құқықтарын қорғау арқылы жүргізілуі қажет екенін атап өткен болатын. Ал мемлекеттің бизнес-құрылымдармен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарымен өзара әрекеттестігі денсаулық сақтау жүйесі үшін пациенттердің құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жүктеген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова, "Қазақстанның тұтынушылар лигасы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті С. Романовская және "Ұлттық денсаулық сақтау палатасы" жеке кәсіпкерлер мен қауымдастық төрағасы М. Құлжанов арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еске сала кетсек, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Н. Назарбаев мемлекет пен бизнестің жұмысы тұтынушылардың мүдделерін және құқықтарын қорғау арқылы жүргізілуі қажет екенін атап өткен болатын. Ал мемлекеттің бизнес-құрылымдармен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарымен өзара әрекеттестігі денсаулық сақтау жүйесі үшін пациенттердің құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратыны белгілі.

"Менің ойымша, Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстанның тұтынушылар лигасымен ынтымақтасуы пациенттердің құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша бірлескен жұмысымыздың тиімділігін арттыра түсетін болады", - дейді министр С.Қайырбекова.

Меморандум шеңберінде тараптар өздеріне бірқатар міндеттер алады. Мәселен, Қазақстанның тұтынушылар лигасы - министрлікті пациенттер құқының бұзылуы туралы ақпараттандыруды, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау бойынша көмектер көрсетуді қамтамасыз етеді. Тұрғындар арасында қолжетімді, сапалы, уақытылы медициналық көмек алуға қатысты түсіндіру жұмыстарын атқарады. Ал Ұлттық денсаулық сақтау палатасы - денсаулық сақтауды және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың арасында байланыс орнатуды, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көтеруді, отандық фармацевтиканың өндірісіне қолдауды күшейтуді өз міндетіне алады.

Жалпы алғанда меморандум тараптардың денсаулық сақтау саласын жетілдіруге, оның ішінде пациенттің дәрігерді, медициналық ұйымды еркін және тең таңдауына, көрсетілетін қызметтің сапалы болуына, медициналық қызмет саласындағы бәсекелестікті қалыптастыруға жағдай туғызады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны