18.10.2007, 18:20 2994

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары, 2008-жылдың бюджетінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қоғамдық сараптама жүргізу қаржасын қарастыруды талап етеді

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары, 2008-жылдың бюджетінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қоғамдық сараптама жүргізу қаржасын қарастыруды талап етеді.

АСТАНА. 18-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары, 2008-жылдың бюджеті мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қоғамдық сараптама жүргізу қаржасын қарастыруды талап етеді. Мұндай ұсыныс үшінші Азаматтық форумда қабылданған құжатта айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жылы және де алдағы жылдардың бюджетінде мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік, экологиялық, энергетикалық және саяси тұрақты дамыту концепциясына сәйкестігін ескере отырып, оларды жүзеге асыру барысында қоғамдық сараптама жүргізу мақсатында қаржыландыруды қарастыруды ұсынамыз",-деп айтылған құжатта.

Азаматтық институттар сондай-ақ "2009-2011 жылдардағы кезеңде азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып, шағын және орташа бизнес саласындағы заманауи басқару технологиясын ілгерілету бағдарламасын әзірлеуді" ұсынды.

Сонымен қатар, үшінші Азаматтық форум қорытындысы бойынша форумға қатысушылардың үндеуі қабылданған. "Біз мемлекеттің үкіметтік емес секторды реформа процессіне тарту жөніндегі саясатын қолдаймыз. Бұл келіссөзден барлығы да, соның ішінде жалпы қоғам ұтады",- деп атап көрсетілген үндеуде.

"Біз қолданыстағы тұрақты ұлттық келіссөздер механизмі - Азаматтық форум тәуелсіз Қазақстанның көркеюіндегі мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның әлеуметтік серіктестігін қамтамасыз ететіндігіне сенімдіміз",- деп айтылған мәтінде.

"Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары өзінің дамуында жоғары деңгейге қол жеткізді және де Еуразиялық кеңістікте көшбасшы позициясына шығуға дайын",- деп санайды форумға қатысушылар.

Форумға қатысушылардың барлық ұсыныстар пысықталып, үкіметтің қарауына ұсынылады, деп атап өтті мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны