13.07.2010, 10:44 2490

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары дәрі-дәрмек сатып алуға қоғамдық мониторинг жүргізуді көздеуде

Баспасөз мәслихатында таратылған пресс-релизде көрсетілгендей, "Аман-саулық" қоғамдық қоры дайындап шығарған бұл жоба тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету институтының ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында іске асырылуда.

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету институтының ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында республиканың төрт қаласында медикаменттер сатып алу және дәрі-әрмекпен қамсыздандыру жүйесіне сараптама жүргізуге кірісті. Бұл туралы дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Баспасөз мәслихатында таратылған пресс-релизде көрсетілгендей, "Аман-саулық" қоғамдық қоры дайындап шығарған бұл жоба тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету институтының ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында іске асырылуда. Жоба мәнісі қоғамдық мониторинг жүргізу. Ол үкіметтік емес ұйымдар, республикалық қоғамдық бірлестіктер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Семей қалаларында жүргізіледі".

"Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасынан бірінші болып дистрибьюторлықтың жаңа түріне көшірілді. Ол халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешеді деп күтілді. Алайда, жылдың алғашқы жартысының қорытындысы көрсеткендей, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісі әлі дұрыс жолға қойылмаған. Ал науқас әлі күнге дейін өзіне қажетті медикаменттерді уақтылы ала алмауда. Құқық қорғау ұйымы ретіндегі біздің мақсатымыз науқастарды дәрімен қамтамасыз етудің тұтастай жалпы үрдісінің барлық сатыларына терең мониторинг жүргізуді жүзеге асыру", - деп хабарлады Б. Түменова.

Сондай-ақ Б. Түменова, қазіргі уақытта дәрімен қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл желі телефондары жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Байланыс телефондары: 8 (727) 232-08-51, 232-08-52. Ол сенбі және жексенбіден басқа күндері 09.00 мен 18.00 аралығында үзіліссіз жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны