14.01.2014, 19:23 3657

Қазақстанның ұлттық олимпиадалық құрамасының құрамы 19 қаңтар күні белгілі болады

Сочидегі Қысқы ойындарға қатысатын Қазақстанның ұлттық олимпиадалық құрамасының құрамы 19 қаңтар күні белгілі болады, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz. сайтына берген сұхбатында.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Сочидегі Қысқы ойындарға қатысатын Қазақстанның ұлттық олимпиадалық құрамасының құрамы 19 қаңтар күні белгілі болады, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz. сайтына берген сұхбатында.

"Лицензияға ие болу үшін өтетін жарыстар 19 қаңтарға дейін жалғасады, сол себепті нақты құраманы біз тап сол күні жариялаймыз", - деді ол.

Осыған дейін хабарланғандай, мүмкін деген 15 спорт түрінің ішінен Қазақстан 10 түрі бойынша кем дегенде 40 лицензия алуды жоспарлаған. Осы күні биатлон, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, сноуборд, шаңғы жарысы және конькимен сырғанаудан лицензиялар жеңіп алынды.

"Бүгінгі таңда 42 лицензия бар, алайда жарыс толығымен аяқталмайынша, біз олардың нақты санын айта алмаймыз. Егер ертең басқа елдің спортшысы жақсы нәтиже көрсетсе, біздің спортшымыз лицензиядан айырылуы мүмкін",- деді Е.Қанағатов.

Спорт ведомствосы басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақстан құрамасында 9 спорт түрі бойынша 40-тан астам лицензия болуы керек.

Е.Қанағатовтың айтуынша, әлем чемпионаттарында жүлделі орын алып жүрген Денис Тен, Денис Кузин, Алексей Полторанин және Николай Чеботькоға үлкен сенім артылып отыр. Шаңғымен сырғанау спортында қазақстандықтардың басты қарсыластары ретінде ресейліктер, норвегиялықтар, шведтер, финдер, немістер саналып отырса, мәнерлеп сырғанауда - канадалықтар мен ресейліктер.

"Спортшылардың дайындықтары тәуір, көп нәрсе төрешілерге де байланысты. Меніңше, біздің тарапымыздан Қазақстан құрамасының жақсы нәтиже көрсетуі үшін барлық жағдай жасалған, бір есте сақтайтын жайт, спортта негізінен жақсы дайындық пен сәттілікке сену керек", - деп атап өтті ол.

Ведомство басшысы орынбасарының ақпаратына қарағанда, бүгінгі таңда ұшу графигі жасалып, спортшыларға әуе билеттері алынды. Олар 8 жерден ұшады - Еуропаның түрлі қалалары, Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан.

"Біздің спортшылардың Лондондағы Жазғы Олимпиадада көрсеткен жетістіктері Сочиде де қайталанады деп ойлаймын. Жанкүйерлер қысқы спорт түрлерінен нәтиже күтеді. 2017 жылы біз елімізде Қысқы Универсиаданы өткіземіз, 2022 жылы Олимпиада өткізуге ұсыныс жасадық. Біздің нақты бір деңгейіміз болуы керек және спортшыларымыз жетістікке қол жеткізулері үшін спорттық резервіміз жақсы болуы тиіс", - деп қорытындылады Е.Қанағатов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны