28.05.2013, 17:59 4832

Қазақстанның үш облысында көру қабілеті бұзылған балаларға арнап мектеп-интернаттар салынады

Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаттар салынады, деп хабарлады білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның үш облысында көру қабілеті бұзылған балаларға арнап мектеп-интернаттар салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаттар салынады, деп хабарлады білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Үкіметі отырысында.

"Биыл Алматы облысы Есік қаласында мемлекеттік бюджет есебінен көру қабілеті бұзылған балаларға 250 орындық арнайы мектеп-интернат пайдалануға берілген, әкімдіктер қаражатынан Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында баламалы интернаттар салу жоспарланған", - деді Б.Жұмағұлов.

Бұдан өзге, ол 2013 жылдың басына елімізде 53 989 мүгедек бала тіркелген, олардың 8 796 үйде оқытылатынын атап өтті. Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы үшін компьютерлер, жәрдемші техникалық құралдарға және Интернет желісіне қосу үшін 400 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Білім ведомствосы басшысының айтуынша, мүгедек балаларға қолдау көрсету үшін жоғары оқу орнына түсу кезінде 1% көлемінде квота қарастырылған, өткен жылдары ол 0,5%-ды құрады. Мүгедек балаларға арналған кәсіби-техникалық мекемелерде 0,5% көлемінде квота белгіленген.

"2013 жылы квота шеңберінде 204 мүгедекке білім беру гранттары тағайындалған. Жоғары оқу орнында оқу кезінде мүгедектер жоғары стипендия алады", - деп қортындылады Б.Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны