23.02.2007, 18:28 3299

Қазақстанның үшінші азаматтық форумы Астанада 2007 жылы қазанның басында өтеді

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанның үшінші азаматтық форумы Астанада 2007 жылы қазанның басында өтеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Азаматтық альянсының жұмыс бабындағы отырысында ұйымның президенті Айгүл Соловьева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Астанада қазанның бірінші - екінші онкүндігінде үшінші азаматтық форум өтеді",- деді Айгүл Соловьева.

Азаматтық альянс президентінің айтуынша, форум екі күнге созылады. "Бірінші күні үкіметтік емес ұйым секторларын дамытудың өзекті проблемалары жөнінде пікірталас ұйымдастырылады. Екінші күні елбасының қатысуымен жалпы отырыс өтеді",- деп түсіндірді ол.

"Азаматтық форум еліміздің беделді жобасы және де аталмыш форумды қажетті деңгейде өткізу Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуға ұсынған өтінішін қарау барысында қомақты шара болуы мүмкін",- деп атап өтті Азаматтық альянстың атқарушы директоры Оксана Самокейш.

"Аталмыш азаматтық форумда біз мемлекеттік билік органдары азаматтық қоғам алдында жауапты болуға тиіс, сонымен қатар үшінші сектордың өзінің іс-қызметінің ашықтығын көтеруге баса назар аударылады",- деп атап көрсетті О. Самокейш. Соған сәйкес министрліктердің азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру және үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдастығы туралы есептер тыңдалынады", - деп қосты ол.

Форумға 500-ден кем емес адам қатысады деп жоспарлануда. "Форумға қатысушы шетелдіктер саны артады, АҚШ, Германия , Ресейден халықаралық делегациялар және де ЕҚЫҰ, БҰҰ, Еуропалық парламент және т.б. халықаралық ұйым өкілдері шақырылады",- деді О. Смокейш.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны