21.07.2008, 16:54 2633

"Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылдайды

"Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылдайды

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2008 жылдың 1 тамызы бен 30 қыркүйегі аралығында қабылдайды. Бұл туралы бүгін баспасөз-мәслихатында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Нұрашев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ол бұл бәйгенің шетелдік инвесторлар кеңесінің биыл маусым айында Атырауда өткен 19-пленарлық отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасын орындау үшін өткізіліп жатқанын еске салды. "Сол кезде президент комитетке 2008 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласында өтетін шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-шы жалпы отырысының барысында "Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесін өткізуді тапсырған болатын", - деп түсіндірді комитет төрағасы.

"Бұл бәйгенің мақсаты - Қазақстан экономикасының дамуына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосқан шетелдік инвесторды анықтау. Оның міндеті - бизнесті иман жүзді, кәсіби жүргізу нормаларына жауап беретін қызметті іске асыруға инвесторларды ынталандыру және инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеген кездерінде жинақталған оң тәжірибені жұртқа көрсету әрі таныстыру болып табылады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны