03.12.2018, 21:37 8366

Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумында 63 үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақыға ие болды

Жалпы 196 өтінім қарастырылған. Өтінімдерді мемлекеттік орган, халықаралық ұйым өкілдері, танымал қоғам қайреткерлері мен тиісті бағыт бойынша сарапшылар қатарынан құралған 74 сарапшы бағалады.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтыӊ қатысуымен Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумында үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Республикалық, салалық және өӊірлік деӊгейлерде әлеуметтік мақсаттарды шешуге елеулі үлес қосқаны үшін 63 ҮЕҰ сыйлықақыларға ие болды. Сыйлықақылардыӊ мөлшері 2 000 АЕК, яғни 4,8 млн. теӊгені құрайды.

Жалпы 196 өтінім қарастырылған. Өтінімдерді мемлекеттік орган, халықаралық ұйым өкілдері, танымал қоғам қайреткерлері мен тиісті бағыт бойынша сарапшылар қатарынан құралған 74 сарапшы бағалады.

Сыйлықақылар білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт;азаматтардыӊ денсаулығын қорғау,салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясатын мен балалар бастамасын қолдау; азаматтар мен ұйымдардыӊ құқығын, заӊды мүдделерін қорғау; мәдениет пен өнерді дамыту және т.б. салаларда көзделген мақсаттарға жету номинациялары бойынша берілді.

Сыйлықақы иегерлерініӊ ішінде - "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ, "Асыл Бала" ҚҚ, "Мүгедек жастар қоғамы" ҚБ, "Қазақстанныӊ экологиялық қоры" ҚҚ, "Қазақстанда дәстүрлі музыканы дамыту қоры" ҚҚ, ""Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" ҚҚ, "Ийелдердіӊ шығармашылық бастамасы лигасы" ҚБ, "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестік"ҚҚ, "Десента" ҚҚ және т.б. бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны