28.11.2018, 18:06 6219

Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумында жұқпайтын аурулардыӊ заманауи факторларымен күресу жөніндегі коалиция құру ұсынылды

Қазақстанда өлім үлесі ЖА-дан - 84,1%, жарақаттардан - 10,4%, жұқпалы аурулардан 5,5% пайызды құрайды.

Астана. 28 қараша. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумы өтуде. Іс-шараныӊ басты мақсаты - азаматтық қоғамды дамытудыӊ жаӊа концепциясын талқылау және қабылдау. Форум аясында, "Аман-саулық" Қоғамдық қорыныӊ президенті Бақыт Түменова үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) жұқпайтын аурулардыӊ (ЖА) заманауи факторларымен күресу жөніндегі коалиция құру туралы үндеумен шықты.

"Министрлік ілгерілеу мақсатында өз тарапынан барлығын істеп жатыр, алайда, ЖА-мен күресудіӊ негізгі жолы - бұл халықты ақпараттандыру. Біздіӊ денсаулық сақтау жүйеміз залалды әдеттердіӊ салдарын емдейді, ал біз жұқпайтын аурулардыӊ алдын алып, оларды жоюымыз керек, халықты ағартуымыз қажет. Біз, ҮЕҰ ретінде, осы іске өз үлесімізді қосуымыз керек және адамдарға ЖА факторлары және олармен күресу туралы, жағымсыз әдеттер халықтыӊ денсаулығына қалай әсер ететіні туралы түсінікті әрі жетімді тілмен жеткізуіміз керек. Егер біз, ҮЕҰ ретінде, оған үн қоспасақ онда халқымыздыӊ денсаулығына үлкен қауіп төніп тұр. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы өткір мәселелермен қоғам әлдеқашан бетпе-бет келді және біз осы мәселе бойынша мемлекет пен қоғамға көмек көрсетіп, адамдар залалды әдеттерінен бірте-бірте бас тартуы үшін және өзініӊ денсаулығын күтуі үшін түсіндіру және насихаттау іс-шараларын белсенді жүргізуіміз керек" - деді Б.Түменова.

Коалицияныӊ басты мақсаты - ЖА факторларыныӊ профилактикасы бойынша халықты үнемі ақпараттандыру болып табылады. Коалиция Қазақстанныӊ барлық аумақтарында коммуникациялық кампаниялар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты залалды әдеттерінен бас тартуына әрі салауатты өмір салтын ұстануына шақыратын болады. Коалиция өзіне еліміздіӊ түрлі аялары мен аумақтарынан ҮЕҰ бірлестіріп, ЖА факторларынан болатын өлім үлесініӊ төмендету бойынша нәтижелерге жетпекші. Бірыӊғай коалиция адамдардыӊ зиянды әдеттерінен бас тартуына және салауатты өмір салтыныӊ жаӊа мінез-құлықтық модельге айналуына көмектесе алады.

"Коалиция - бұл ашық құрылым, және біз ҮЕҰ-мен қатар бизнес-құрылымдар, БАҚ, мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар және барлық тілек білдірушілерді еліміздіӊ тұрғындарын сауықтандыруға қатысуға шақырамыз. Қозғалыстар көпшілікті болуы қажет және біздіӊ негізгі мақсатымыз - физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да сау ұлт болу" - деп қосты Б.Түменова.

ЖА-мен күресу мен олардыӊ профилактикасы және осы аяда халықты ақпараттандыру деӊгейін көтеру мәселелері жуырдағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) және БҰҰ Балалар қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференциясында көтерілді. Осы жылдыӊ қазан айыныӊ соӊында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ЖА тәуекелдері факторларын төмендету жөніндегі жұмыс тобы "зиянды азайту" концепциясын қабылдады, оны қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламасына қосу үшін Министрлікке жолданды. Концепция Қазақстанда ЖА тәуекелдері факторларын азайту үшін түйінді құралдардыӊ бірі болмақ. "Зиянды азайту" - бұл қоғамныӊ әрбір мүшесініӊ денсаулығын сақтауға, әрі денсаулыққа зиян келтіретін мінез-құлыққа жол бермеу арқылы емес, зиянды салдарды азайтуға және мінез-құлықты одан да қауіпсіз өзгертуге бағытталған тәсілдеме. Концепция қантты теріс пайдалану, темекі шегу, ішімдік пен есірткіні қолдану сияқты залалды әдеттері бар адамдар тәуелділіктіӊ осы формаларынан тез бас тарта алмайтынын болжайды, және осы категориядағы адамдарға зияны азырақ балама беруді ұсынады.

ЖА негізгі түрлері - бұл жүрек-қантамыр аурулары (инфаркт және инсульт сияқты), онкологиялық аурулар, созылмалы респираторлық аурулар (өкпеніӊ созылмалы обструктивті ауру және астма сияқты), қант диабеті және психикалық аурулар. ЖА негізгі көздері - темекі шегу, ішімдікті шамадан тыс қолдану, зиянды тағамдарды тұтыну, физикалық белсенділіктіӊ болмауы. Сондай-ақ біздіӊ қоғам үшін тәуекелдіӊ екі қосымша факторы - репродуктивтік денсаулық және есірткіге тәуелділік өзекті болып табылады. Қазақстанда өлім үлесі ЖА-дан - 84,1%, жарақаттардан - 10,4%, жұқпалы аурулардан 5,5% пайызды құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны