Система Orphus

Қазақстанның заңнамасы халықаралық стандарттар мен республиканың өзіне жүктеген міндеттемелеріне сай емес - Жовтис

31.03.2008, 17:04 1257

Алматы. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы не халықаралық стандарттарға, не республиканың өзіне жүктеген міндеттемелеріне сай келмейді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюросының директоры Евгений Жовтис мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Сорос-Қазақстан" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бірқатар салалар бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы не халықаралық стандарттарға, не республиканың өзіне жүктеген міндеттемелеріне сай келмейді. Исіресе, жиналу, бірлесу, орын алмастыру және т.б. еркіндіктер құқы секілді маңызды азаматтық еркіндіктер мен саяси құқықтарды реттейтін жетілмеген заң нормаларын атап керек. Азаматтық қоғам белсенділерінің және қарапайым азаматтардың өз құқықтарын қорғау әрекеттерінің билік өкілдерімен кикілжіңге ұласуы жиі кездеседі. Осыдан кейін осы азаматтарды тұтқындайды, тергейді және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартады", - деді Е. Жовтис.

Оның айтуынша, "Сорос-Қазақстан" қоры қолдаған жоба аясында бюро заңгерлері өзінің саяси құқықтары мен азаматтық еркіндіктерін жүзеге асыру барысында жауапқа тартылған азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін бір жыл бұрын Алматыда кеңес беретін құқықтық клиника ашқан. Мұндай құқықтарға бейбіт шерулер өткізу еркіндігі, бірлесу еркіндігі, қалаған жеріне бару еркіндігі, ақпаратты алу және тарату еркіндігі сияқты құқықтар жатады.

Жоба жұмысы қорғалуы негізінен өтініш жасалуды, әкімшілік сотында қорғалуды, сондай-ақ, өзге де мемлекеттік органдарда олардың мүделерінің қорғалуын талап ететін және берік азаматтық тұғырнама ұстанған тұлғаларға құқықтық көмек көрсетуге жұмылдырылған.

"Жоба барысында анықталған әкімшілік процесс саласындағы ұлттық заңнаманың жетілмегендігі қазақстандықтарды олардың еркіндігінің әділетсіз шектелуінен қорғау үшін әкімшілік және әкімшілік процессуалдық заңнаманы тез арада қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр", - деді "Сорос-Қазақстан" қорының "Құқықтық реформалар" бағдарламасының директоры Сәуле Мектепбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны