20.03.2007, 18:15 3425

Қазақстанның заңнамасы жиналыстар еркіндігі жөніндегі құқықты жүзеге асыруға жағдай жасамайды - ЕҚЫҰ қатысуымен жүргізілген зерттеулер қорытындысы

АЛМАТЫ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы мен оларды қолдану тәжірибесі жиналыстар еркіндігі жөніндегі құқықты жүзеге асыруға жағдай жасамайды. Осындай тұжырым "Қазақстан Республикасындағы жиналыстар еркіндігіне мониторинг жүргізу нәтижелері" атты есепте жасалған. Мониторингті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қатысуымен "Адам құқығы үшін Хартия" қоғамдық қоры жүргізген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мониторинг жүргізу жөніндегі жобаны Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы өкілдігі осы ұйымның демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросымен бірлесе отырып қолдады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы өкілдігінің адами өлшем мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы Эуджения Бенинидің айтуынша, Қазақстан биыл адам құқықтары жөніндегі комитетке БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактісін бекіту жөніндегі ресми есебін таныстыруға тиіс. "Адам құқықтары жөніндегі Хартия" ұйымының есебі балама ертінде таныстырылады. Бұл - Пактіні бекіткен елдердегі ортақ дәстүр",- деді Э.Бенини.

Жинаыстар еркіндігі жөніндегі құқықты жүзеге асыруға қатысты есепте биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының, құқық қорғау органдары мен соттардың іс-әрекеттеріне сын айтылған. Мәселен, есепте атап көрсетілгеніндей, "жиналғандарды қуып таратуға қатысты оқиғалардың тең жартысына жуығында полиция шараға қатысушыларға өз әрекеттері жайында еркерту жасамайды. Тіпті оқиға орнында ақпарат жинап жүрген тәуелсіз бақылаушылар мен журналистерді ұстау оқиғалары да жиі кездесіп жатады".

"Жергілікті атқарушы билік бас тарту арқылы ең ақырғы шешімге бірден баруға құштар, олар үшін өтінішті қарау, ұйымдастырушылармен байланысқа шығу, сұрақтарды нақтылау мен келіссөздерге барудан гөрі бас тарта салу жеңіл. Ең бастысы, жиналыстарға қатысты мәселелерді щешуге уәкілетті жергілікті билік алалаушылық саясатын жүргізеді. Жиналыстар өткізуге қолайлы қала орталығындағы орындарға қалағанның бәрі қол жеткізе бермейді",- деді "Адам құқығы үшін Хартия" қоғамдық қорының заңгері Амангелді Шорманбаев.

"Адам құқығы үшін Хартия" қоғамдық қоры жиналыстар еркіндігі жөніндегі құқықты жүзеге асыру саласындағы мониторингті 2005-жылдың 1-қарашасы мен 2006-жылдың 31-шілдесі аралығында еліміздің Астана, Алматы, қарағанды және шымкент секілді төрт қаласында жүргізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны