27.02.2015, 23:34 3966

Қазақстанныӊ жалпы инновациялық өнімініӊ 20 % ШҚО өндіріледі

ШҚО әкімі Даниал Ахметов халық алдында өткізген есептік кездесуде өӊірлік инновациялық өнімніӊ бестен бірі Шығыс Қазақстанда өндірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО әкімі Даниал Ахметов халық алдында өткізген есептік кездесуде өӊірлік инновациялық өнімніӊ бестен бірі Шығыс Қазақстанда өндірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Есептік кездесуде аймақ басшысы мәлімдегендей, соӊғы 2 жылда өӊірлік жалпы өнім құрылымындағы инновациялық өнім 2,5 есеге өсіп, өткен жылы өнім көлемі 109,4 млрд. теӊгеге артқан. Бүгінгі күні облыс аумағында "Қазмырыш" ЖШС, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ, "АЕS Өскемен ЖЭО-і" АҚ, "Согрин ЖЭС-і", "Семей қаласыныӊ цемент зауыты", "Азия Авто" АҚ сынды 75 мыӊ адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар өткен жылы 1 трлн. 98 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теӊгеге артық.

Сонымен қатар, жүйеқұрастырушы кәсіпорындардыӊ тауарды сатып алу, жұмысы мен қызметі 257 млрд.теӊгені құрап, соныӊ ішінде жергілікті қамтудыӊ үлесі 120 млрд. теӊгеге жеткен.

- Облыстыӊ тауар өндірушілерінен ұлттық компаниялармен сатып алу көлемі 2013 жылғы деӊгейден 1,7 есеге артып, 93 млрд.теӊгені құрады, келісімшарттар саны 30%-ға артты. Аймағымыздағы ірі кәсіпорындар мен отандық тауар өндірушілердіӊ серіктестігі арқасында өӊіріміздіӊ экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеміз, - деді Д.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны