19.09.2012, 14:00 3165

Қазақстанның "жасыл" экономиканы дамытуға шамасы жетерлік

"Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстанды экономикасы "жасыл" елге қалай айналдыру керектігін көрсететін стратегия әзірлеуге тапсырма алдық. Үкіметімізді ондай мүмкіндігіміздің бар екендігіне сендіруге тура сегіз ай уақыт жұмсадық", деді қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Марлен Ысқақов Алматыда сәрсенбіде Kazakhstan Growth Forum форумында.

Алматы. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның "жасыл" экономиканы дамытуға шамасы жетерлік, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстанды экономикасы "жасыл" елге қалай айналдыру керектігін көрсететін стратегия әзірлеуге тапсырма алдық. Үкіметімізді ондай мүмкіндігіміздің бар екендігіне сендіруге тура сегіз ай уақыт жұмсадық", деді қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Марлен Ысқақов Алматыда сәрсенбіде Kazakhstan Growth Forum форумында.

М.Ысқақов атап өткендей, жел энергиясының әлуеті 1 трлн киловатты құрайды. "Бұл өзімізді де қамтамасыз етуге, экспорттауға да жетеді", деді ол.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, республикада су ресурстары ысырап пайдаланылады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі-судың басты тұтынушысы. Бүгінде Қазақстанда 90% су суаруға арналған, қалған 5-10% ғана басқа қажеттіліктерге пайдаланылады", деді ол.

Оның айтуынша, "жасыл" экономиканы қолдау үшін жұмсалуға ұсынылып отырған инвестиция көлемі ІЖӨ 1% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны