20.02.2008, 13:30 3328

Қазақстанның жылдық су энергетикалық қуаты 170 млрд кВт-с бағаланады - Ысқақов

Қазақстанның жылдық су энергетикалық қуаты 170 млрд кВт-с бағаланады - Ысқақов

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жылдық су энергетикалық қуаты 170 млрд кВт-с бағаланады. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда орны толтырылатын қуат көздерін дамыту мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстелде қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздік жылдық гидроэнергетикалық қуаты 170 млрд кВт-с бағаланса, жел қуаты 1,8 трлн кВт -с жетуі мүмкін. Ал күн сәулесінің қуаты жылына 2,5 млрд бағаланып отыр", - деді Н. Ысқақов.

"Биологиялық отын пайдаланудың мүкіндіктері өте орасан. Ауыл шаруашылық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы 35 млрд кВт-с электр қуаты мен 44 млн гигокалория жылу қуатын алуға болады", - деп ойын жалғастырды.

"Қазақстанда бұл ресурстарды қолданудың жылдық мүмкіндік қоры $12 млрд ", - деді Н. Ысқақов.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басшысының айтуынша, ҚР табиғат ресурстары қатарында орны толмайтын қорлар белгілі бір уақытта сарқылуы мүмкін. Мысалы, мыс 20 жылдан кейін, ол табиғи газ 85 жылдан кейін таусылып қалуы ықтимал.

"Осыған орай, мемлекет басшысы қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты мақсаттарды қойды. Осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр, үкіметтің су электр стансаларын дамыту жөнінде тапсырмалары бар", - деп мәлімдеді Н. Ысқақов. "Энергетиктердің соңғы мәліметтері бойынша, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның гидроэнергетикалық мүмкіндіктері 20 ГВт жетеді, ал Алматы облысында бұл бағыт бойынша көрсеткіш 4 ГВт құрайды", - деп жалғастырды ойын ол.

"Бұл орасан зор қуат, әсіресе оңтүстікте бізде оның тапшылығы қатты сезіледі. Мен тіреуіш платинасы жоқ шағын ГЭС -терді меңзеп отырмын", - деді министр.

Оның сөздері бойынша, мұндай ГЭС Алматыдағы Медеу шатқалында пайдалануға болар еді. "Платина селді тоқтатуға қызмет жасайды, бірақ одан электр қуатын өндіріп оны Алматыда қолдануға болатыны жөнінде ешкім ойламаған", - деп түсіндірді ол.

Ол айтқанындай, бүгінгі күні Қазақстан экономикасындаорны толатын ресурстардың көлемі 0,02 % құрайды. "Біз президенттің қабылдаған тұжырымдамасы аясында 2024 жылға дейін оны 10% көтеруді көздеп отырмыз ", -деп қорытындылады Н. Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны