25.08.2015, 11:56 5553

Қазақстанныӊ жоғарғы сыныптарында үштілді оқыту кезеӊ-кезеӊмен енгізіледі

Қазақстанда жоғары сыныптарда үштілді оқыту кезеӊ-кезеӊімен енгізіліп, ағылшын тілінде ЖОО-ларда білім алу дәрежесіне жеткізіледі. Бұл туралы "Жаӊа білім беру бағдарламалары,инновациялар және білікті ықпал ету - табысты мектепке бастар қадам" атты тамыздық педагогикалық кеӊесте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жоғары сыныптарда үштілді оқыту кезеӊ-кезеӊімен енгізіліп, ағылшын тілінде ЖОО-ларда білім алу дәрежесіне жеткізіледі. Бұл туралы "Жаӊа білім беру бағдарламалары,инновациялар және білікті ықпал ету - табысты мектепке бастар қадам" атты тамыздық педагогикалық кеӊесте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Үштілді оқытудыӊ моделі енгізіледі. Оныӊ алдында - ағылшын тіліне кезеӊ-кезеӊмен енгізу жұмысын енгізу тұр. Пәндерге қосымша ретінде қазақ әдебиеті қосымша түрінде енгізіледі, Қазақстан тарихы мен география қазақ тілінде өткізіледі, ол білім беріп отырған тілге тәуелді емес. Жазғы тілдік тоқсандықтыӊ ұйымдастырылуы жүзеге асырылуда, оған 3-4 курстардыӊ студенттері тартылады. Қорытындысында жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде информатика, физика және химия сабақтарын өткізу қарастырылуда", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Министрдіӊ айтуынша, білім берудіӊ жоспарланып отырған жаӊа стандарттары білім берудіӊ гуманизациясына ықпалдастырылған.

"Біз өзіміздіӊ алдымызға - мектептегі білім беруде өзгеріс енгізу арқылы дамыған елдер қатарына ену болып табылады. Өту үрдісі шығармашылық идея қалыптасып, адамды дамытатын ортада оқушы білімді енжар қабылдамауы тиіс", - деді А.Сәрінжіпов.

Айта кетейік, үштілдік білім беру 2016 жылға жоспарланған. Толық өту үрдісі 2020 жылға жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны