16.03.2007, 17:20 3453

Қазақстанның журналистер қоғамдастығы мәдениет және ақпарат министрінің сұраған кешірімін қабылдамады

АЛМАТЫ. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның журналистер қоғамдастығы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың сұраған кешірімін ақжүректілікпен өтінілген ғафу емес деп санап қабылдамай тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз осылайша сұралған кешірімді қабылдамаймыз. Ол мұндай қадамды қысым бойынша жылымшы ғана сұрай салды",- деді Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев "Караван" апталығындағы мақаласында.

Мәдениет және ақпарат министрі "Қазақстан" телеарнасында өткен тікелей эфир кезінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың нұсқауымен кешірім сұраған болатын.

"Егер мен біреуді абайсызда ренжітіп алсам, тіпті, мәлімдеп жатқандарындай, намысына тисем, онда мен кешірім сұрауға әрдайым дайынмын және бәрінен кешірім сұраймын", деді министр.

Жариялы кешірім сұрауға министр мен журналистер қауымы арасындағы шиеленіс себеп болған. Е.Ертісбаев президенттің жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланған кеңестен кейін "журналистерді сөге жекірді". Ал журналистер одан түсініктеме беруді сұраған. Бірақ Е.Ертісбаев өзінің үстінен жуырда өткізілген тендерге қатысты шағымданды дегенді алға тартып, "Эра" телеарнасының өкіліне сұхбат бермей қуып шыққан.

"Эра" телеарнасының журналисі Юлия Исакова министрді сотқа берді. "Журналистердің өз министрімен соттасуға мәжбүр болуы қалыпты жағдай емес екеніне келісетін шығарсыздар. Кез-келген саланың министрі өз қарамағындағы саланы, өз қызметкерлерін қорғап, олар үшін бірдеңе тындыруға тырысады. Ал ол болса бірінші күннен бастап бізбен шайқаса бастады!",- дейді С.Матаев.

Өз кезегінде Қазақстан журналистері одағы, "Иділ сөз" қоры мен Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы министрден жариялы түрде кешірім сұрауды немесе отставкаға кетуді талап еткен.

"Оның орнына министр кейбір газеттердің бетінде мұндай оқиға мүлдем болған жоқ немесе оқиға олай болған жоқ деп мәлімдемелер жасап, кейбір басылымдарды қаралады. Ал шын мәнінде болған оқиға таспаға түсірілген, дәлелдер бар. Онымен тынбай біз осы оқиға туралы тікелей эфир ұйымдастырдық. Ал министр мырза болса журналистердлі ашықтан-ашық айыптауға көшіп, тіл тигізе бастады. Менімен сарғайғаша соттаса беріңдер, деді!",- дейді С.Матаев.

Қазақстан журналистері одағының төрағасының айтуынша, "Эра" телеарнасының тілшісіне қатысты оқиға төзімді әбден тауысқан". "Қазақстан" телеарнасындағы жаппай қудалау, БАҚ туралы заңға енгізілген түзетулер естеріңізде болар. Ал қазір ол баспахана іс-қызметі жөніндегі заңды парламентке өткізбекші... Менің білуімше, журналистермен ашық шайқасқа шыққан бірінші министр - осы!",- деді С.Матаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны