14.09.2006, 10:46 3021

Қазақстанның журналистік қоғамдастығы үкіметтің "БАҚ" туралы жаңа заң жобасына қатысты шығарған қорытындысымен келіспейді

Қазақстанның журналистік қоғамдастығы үкіметтің "БАҚ" туралы жаңа заң жобасына қатысты шығарған қорытындысымен келіспейді

АЛМАТЫ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанның журналистік қоғамдастығы, журналистер қоғамдық ұйымдары әзірлеген "БАҚ" туралы жаңа заң жобасына қатысты үкіметтің шығарған қорытындысымен келіспейді. Бұл жөнінде үкіметтік емес журналистік ұйым өкілдері Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үкіметтің жасаған қорытындысының негізгі түйіні - "БАҚ" туралы заң жобасын осы кезеңде қабылдау ерте дегенге саяды. Оған премьер -министр Даниал Ахметов қол қойған",- дейді баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар.

Ұлттық телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығының өкілі Шолпан Жақсыбаеваның пікірінше, "бұл қорытынды Қазақстанда БАҚ-тардың жұмыс істеу жағдайының қатайтыла түскенін, "қылбұраудың қатая" түскенін меңзейді".

ҚР үкіметтік емес журналистік ұйымдар таратқан баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, " Қорытынды жасаушылар заңның жобасына енгізілген барлық либералды жаңашылдықтарды қазіргі заңмен үйлеспейді деген желеумен биылғы жылы ақпарат министрлігі ұсынған шектеулердің бәрін қалдыру қажет деп есептейді".

"Жобаны үңіліп оқымастан, қулыққа салынған олар тіркеудің хабарлама- рұқсат беру жүйесін хабарландыру деп атап, рұқсат беру принципіне негізделген қазіргі заңмен үйлеспейді деген сылтаумен оны жоққа шығаруда",-дейді "Иділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жетекшісі Тамара Калеева. Оның айтуынша, тіпті жаңа БАҚ ты тіркегенде алынатын алым қортындыда "мемлекеттік кірісті қысқарту" деп көрсетілген.

Мәжіліс депутаты Сергей Киселевтің пікірінше, "егер бюджеттің шығысы ең болмағанда бір теңгеге көбейіп, ал кіріс бір теңгеге қысқарса, онда үкіметтің кез келген заң жобаны тоқтатуға құқығы бар". Алайда қорытындыда бюджеттің кіріс бөлігі қанша теңгеге қысқаратындығы туралы есеп көрсетілмеген", - деді ол.

"Ақпарат министрі өз жобасын ұсынғанда, ол көп ақша емес, кез-келген басылымның тіркелуге мүмкіндігі бар , оған алым кедергі болмайды деген еді". "Ал қазір, мемлекет үшін бұл үлкен ақша екені анықталып отыр",-деді С.Киселев.

"Мұндай жағдайда ортақ шешімге тоқтайық : біз жобаны жасаушылармен келісе отырып құжатты қайтаруға, бюджеттің кіріс бөлігіне ықпал ететін тұстарын алып тастауға және қайтадан ұсынуға дайынбыз",-деп атап өтті депутат.

С.Киселевтың пікірінше, аталған қорытынды үкіметтің депутаттардың заң шығарушылық құқығын қалай аяқ асты ететіндігінің айқын мысалы. "Негізсіз қорытындылар мен заң жобалар жиі кездеседі, ал депутаттардың бастамасымен ұсынылған құжаттар қаралмайды. Үкімет мақұлдаған заңдарының басым бөлігі сол үкіметтің өзі ұсынған жобалар",- деді депутат. Сөз соңында ол : "біз жобаны кері қайтарып, түзетулер енгізіп, қайтадан парламентке ұсынамыз" , деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл құжат бір жарым жыл әзірленді. "БАҚ"туралы жоба парламент мәжілісінің қарауына үстіміздегі жылдың маусым айында бір топ депутаттардың атынан ұсынылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны