10.02.2015, 11:17 3762

Қазақстан-Ресей шекарасында қазақстандық шекарашылар бір табын малды заӊсыз жолмен өткізбек болғандардыӊ жолын кесті.

Барлығын қосып санағанда ірі қараныӊ саны 45 бас болып шықты. Ешқандай құжаты жоқ "Камаз" және "Газ" жүк көліктеріне тиелген осыншама малды 29 жастағы жерлесіміз көз қысты, бармақ басты жолмен Ресей Федерациясынан Қазақстанға алып өтуге тырысты.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ батысында орналасқан Жәнібек шекара отрядына қарасты "Жәнібек авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары біріне ірі мүйізді қара мал, екіншісіне жылқылар тиелген екі жүк машинасын ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлығын қосып санағанда ірі қараныӊ саны 45 бас болып шықты. Ешқандай құжаты жоқ "Камаз" және "Газ" жүк көліктеріне тиелген осыншама малды 29 жастағы жерлесіміз көз қысты, бармақ басты жолмен Ресей Федерациясынан Қазақстанға алып өтуге тырысты. Мұндай әрекетті шекарада күнде көрмейтінідігіӊ анық.

Қазақстан Республикасы Икімшілік-құқықтық кодексініӊ 406-бабыныӊ 1-бөлігі бойынша аталған дерек бойынша Жәнібек аудандық ветеринарлық бақылау комитеті хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны