02.02.2012, 12:56 3520

Қазақстынның басым аумағында қатты аяз сақталады деп күтілуде

1-2 ақпан күндері өте қатты аяз болады деп күтілуде. Атап айтқанда, Алматы облысының солтүстік-шығысында және Жамбыл облысында -30, -35 градус, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында -40, -45 градус, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында -40, -45 градус аяз болады, деп күтілуде.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстынның басым аумағында қатты аяз сақталады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 1-2 ақпан күндері өте қатты аяз болады деп күтілуде. Атап айтқанда, Алматы облысының солтүстік-шығысында және Жамбыл облысында -30, -35 градус, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында -40, -45 градус, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында -40, -45 градус аяз болады, деп күтілуде.

1-2 ақпан күндері күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында -40,-43 градус аяз болады деп күтілуде, 1-2 ақпан түндері Маңғыстау облысында -22 градусқа дейін суытады.

Қазақстанның көп бөлігінің 2 ақпандағы ауа райына ауқымды антициклон ықпал етуде, Қазақстанның тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында циклонның әсер етуімен бірге ауа райының құбылмалы мінезі сақталып қалуда.

Маңғыстау облысында кейбір жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - кейбір жерлерде желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі мүмкін, Атырау облысында - жаяу бұрқасынмен бірге. Қостанай облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман болады деп күтілуде. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі, бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Алматы облысында - кейбір жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің секундына 18-23 метрден секундына 28 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Павлодар облысында түнде қатты аяз болады деп күтілуде. Қарағанды облысында түнде қатты, кейбір жерлерде өте қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде кейбір жерлерде қатты аяз сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны