14.10.2011, 10:13 3817

Қазақтанның басым аумағында күн ашық болады деп күтілуде

Бүгін, 14 қазан күні Қазақстанның басым аумағы антициклон тарамдарының ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Ал елдің батыс бөлігінде атмосфералық ағым бөліктерінің ығысуымен жаңбырлар өтіп, күшті желдер тұрады.

Алматы. 14-қазан. Kazakhstan Today - Қазақтанның басым аумағында күн ашық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометтің" таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, 14 қазан күні Қазақстанның басым аумағы антициклон тарамдарының ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Ал елдің батыс бөлігінде атмосфералық ағым бөліктерінің ығысуымен жаңбырлар өтіп, күшті желдер тұрады.

Атап айтқанда, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл өзені аумағында оңтүстік-шығыстан келетін желдер сақталады. Секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің күші кей уақыттары 27 метрге жетуі ықтимал.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарын тұман басып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 0-5 градусқа дейінгі үскіріктер сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны