30.11.2012, 15:12 6501

"Қазақтелеком" бірқатар қызметтердің тарифін төмендетеді

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 01 желтоқсанынан бастап өздерінің бірқатар қызмет түрлері тарифтерінің арзандатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің тарифтік саясатын жүзеге асыру және ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту жоспарына сәйкес "Қазақтелеком" АҚ 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бірқатар қызмет түрлерінің тарифтерін төмендетпекші.

Сонымен, жергілікті деңгейдегі телефон байланысының телекоммуникация операторлары желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметіне бір жолғы төлем 5% ға арзандайды. 1 желтоқсаннан бастап, Интернет желісіне кең жолақты қосылу қызметі үшін бір жолғы төлем 10% арзандамақ. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшінИнтернет желісіне қосылу үшін портқа қосылуға бір жолғы төлем 10% арзандайды, сондай-ақ "Megaline Optima iD Phone" тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем 10% төмендейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны