30.07.2012, 13:25 22821

"Қазақтелеком" iD Net тарифтік жоспарлары бойынша шектеуді алып тастайды

"1 тамыздан бастап "Қазақтелеком" iD Net қызметінің тарифтік жоспарларына шектеуді алып тастайды. Сондай-ақ, 01.08.2012 ж. бастап "iD Net Motor" мен "iD Net Drive" ТЖ-лары жойылады, абоненттер автоматты түрде "iD Net Turbo" тарифтік жоспарына ауыстырылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" 1 тамыздан бастап iD Net тарифтік жоспарлары (ТЖ) бойынша шектеуді алып тастайды және жылдамдығын арттырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"1 тамыздан бастап "Қазақтелеком" iD Net қызметінің тарифтік жоспарларына шектеуді алып тастайды. Сондай-ақ, 01.08.2012 ж. бастап "iD Net Motor" мен "iD Net Drive" ТЖ-лары жойылады, абоненттер автоматты түрде "iD Net Turbo" тарифтік жоспарына ауыстырылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, "iD Net Hit" және "iD Net Light" тарифтік жоспарлары бойынша сыртқы ресурстарға шығудың ең жоғарғы жылдамдығы 20 Мбит/с, ішкі ресурстарға 50 Мбит/с, трафиктің көлеміне шектеу жоқ.

"iD Net Turbo" және "iD Net Turbo Light" ТЖ-лары бойынша үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап сыртқы ресурстарға шығудың ең жоғарғы жылдамдығы 30 Мбит/с, ішкі ресурстарға 100 Мбит/с, трафиктің көлеміне шектеу жоқ.

Сондай-ақ, ақпаратқа сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ интернетке қолжетімділікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан бастап өз желілерін техникалық қайта жарақтауға кірісті, бұл 2014 жылдың соңына дейін Fiber to the home (пәтерге дейін оптика) технологиясының көмегімен ірі қалалардың көппәтерлі секторларын интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сыйымдылығы 200 мың порт болатын алғашқы FTTH учаскелері Астанада, Алматыда, Семейде және барлық облыс орталықтарында құрылды.

"Қазақтелеком" АҚ - Қазақстанның алдынғы қатарлы байланыс операторы. Компанияның басты акционерлері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры - 51%, Bodam B.V. - 16,87%, Deran Services Limited - 9,61%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны