27.11.2012, 18:01 2937

Қазақтелеком кәсіпорындар үшін ғаламтор жылдамдығын арттырады

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін интернет жылдамдығын арттырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке ие абоненттер санын көбейту және қосылу жылдамдығын арттыру, 2012 жылға байланыс қызметтеріне тарифті төмендету жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес "Қазақтелеком" АҚ-ы 1-ші желтоқсаннан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін Интернеттің ішкі және сыртқы ресурстарына қосылу жылдамдығын ай сайынғы төлемді өсірмей, 2 есеге арттырады", - делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

Бұл жаңалық негізінен лимитсіз тарифтік жоспарын пайдаланушы абоненттерге қатысты болды.

Естеріңізге салып өтейік, осымен қатар, жоғарыда аталған Жоспарға сәйкес "Қазақтелеком" АҚ-ы ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап жеке тұлғалар үшін "iD Net" тарифтік жоспарына абоненттік төлемақыны өсірмей, Интернетке қосылу жылдамдығын көбейтті.

Осылайша, ішкі ресурстарға қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с-на дейін, ал сыртқы ресурстарға -30 Мбит/с-на дейін артты. Сонымен бірге трафик көлеміне лимит қойылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны