08.02.2011, 12:50 14299

Қазақтың жез таңдай әншісі Роза Бағланова өмірден озды

Қазақтың жез таңдай әншісі Роза Бағланова өмірден озды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақтың жез таңдай әншісі Роза Бағланова өмірден озды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Бүгін Алматыда КСРО халық әртісі, атақты қазақ әншісі Роза Бағланова көз жұмған.

Жерлеу рәсімі 10 ақпан күні қаланың Кеңсай зиратында өтеді.

Кеше, 7 ақпанда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет қайраткерлеріне мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қорының президенттік стипендиясын және мемлекеттік стипендияны тапсырды, олардың арасында Роза Тәжібаева да бар еді.

Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда туылды. Қызылорда педагогикалық институтында оқыды. 1949 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, кейін Қазақ мемлекеттік филармониясында әнші болды. 1960 жылдан бастап Р.Бағланова "Қазақконцерт" Қазақ мемлекеттік концерт бірлестігінің сахнасында өнер көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны