29.09.2008, 14:55 2812

Қазан айының соңынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері құжаттардың дайын екендігі туралы SMS-хабарламалар арқылы құлақтандыру алады - әділет министрі

Қазан айының соңынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері құжаттардың дайын екендігі туралы SMS-хабарламалар арқылы құлақтандыру алады - әділет министрі

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазан айының соңынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері құжаттардың дайын екендігі туралы SMS-хабарламалар арқылы құлақтандыру алады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазан айының соңынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері құжаттардың дайын екендігі туралы автоматты түрде SMS-хабарламалар арқылы және үйдегі телефондарына қоңырау шалу арқылы құлақтандыру алады", -деді З. Балиева.

Оның түсіндіруінше, қызметтің бұл түрі 3 қыркүйектен бастап Астана қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында call-орталықтың пайдалануға берілуіне байланысты пайда болды, ол Елордасында пилотты режимде жұмыс істеуде. "Қазір call-орталыққа облыс орталықтары мен Алматыны қосу мәселесі қарастырылып жатыр", -деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Иділет министрлігінде әділет органдарының біртұтас корпоративтік желісі енгізілуде, ол барлық ведомстволық ақпараттық жүйелердің (АХАЖ, халыққа құжат беру және тіркеу органдары, заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік иемдену құқықтарын тіркеу, Халыққа қызмет көрсету орталықтары) бірлесе жұмыс істеуін және халықтан қабылданған құжататрды шұғыл рәсімдеу үшін IP-телефонияны пайдалануға мүмкіндік береді.

"Халықты тіркеу және құжаттандыру процедураларын одан әрі жетілдіру үшін ағымдағы жылдың аяғына дейін "Халықты құжаттандыру регистрі" атты ақпараттық жүйе енгізіледі, ол халықты тіркеу және құжаттандыру процессін халықты тіркелей Халыққа қызмет көрсету орталықтарында суретке түсіруден бастап, электронды формуляр толтыруға дейінгі барлық процессті толық автоматтандыруға мүмкіндік береді", - деді З. Балиева.

"Осыған байланысты азаматтар енді көптеген құжаттарды толтырып сарсаңға түспей, тұрғылықты жерінде бірнеше минуттың ішінде тіркеле алады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны